$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 5098 өтініш түскен

12.11.2024ж. 20:00
257
Алматыда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 5098 өтініш түскен

Алматыда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 5098 өтініш түскен. Оның 63 проценті оңынан шешілсе, 36 пайызына арнайы жеке түсініктеме жүргізілген. Жұртты тұрғын үй, құрылыс, жұмыспен қамту мәселелері толғандырады. Тұрғындарды тыңдаған депутаттар әр қайсысына катысты кеңес беріп, оны құзырлы орындарға жеткізетінін айтты. 

НҰРЫМБЕК ТАУ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Алматы қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының әрбір депутаты Алматы қаласында «AMANAT» партиясының бөлімшесінде әр тоқсан сайын азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргіземіз. Мен өзім коммуналдық жол, инфрақұрылым сол салаға қатысты комиссияның мүшесімін. Қолымыздан келгенше осы тұрғындарымыздың сұрақтарын шешуге тырысамыз.

ГҮЛСАРА МӘДІБЕКОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 724 қабылдау өткен, ол біздің аудандық филиалдар, біздің Алматы қалалық филиалының қоғамдық бөлмелерінде 724 қабылдау өткізіп, 4800 адам тіркелген. Аптасына 1 рет бізде Құқықтық көмек партиялық жоба бойынша құқықтық көмек көрсетіледі. Мұнда азаматтар, азаматшалар келіп, заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен құқықтық көмегін алады.