$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстау облысында 3 жылда 750 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

12.11.2024ж. 20:00
141
Маңғыстау облысында 3 жылда 750 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ал Маңғыстау облысында 3 жылда 750 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл игі іс «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асты. Бұған дейін елімізде 10,8 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Оның 3 миллионға жуығы азаматтарға үлестірілді. 

ҚИЫҚБАЙ ЕШМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МОФ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Ең бірінші сол қайтарылған жерлерді кәсіп ашам, ауылшаруашылығын дамытам, малды көбейтем деген сияқты үлкен бизнеспен айналысқысы келіп жүрген азаматтар болса, қайтарылған жерді алуға толық мүмкіндігі бар. Сол себепті біздің жер басқармасына біздің "АMANAT" партиясына келіп өзінің бизнес идеяларын, өзінің жоспарларын көрсетіп осы жерді өзінің кәсібін айналдыруға алуға толық мүмкіндік бар.

БЕКЗАТ МАХАМБЕТОВ, КӘСІПКЕР:

Шөп жоқ. Мал бағу қиындап кетті. Біз 2015 жылдан бері қарай айналысып келе жатырымз осы жерде. Ештеңе жоқ. Сол себепті акиматқа өтініш тастадық. Бұйыртса көмектеседі. Көмектескен жағдайда су, свет газ, тоқ жүргізіп берген жағдайда біз айналыса береміз. Тапсырмаймыз.