Қазақстан халқының саны 20 млн 200 мыңнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халықтың 12 млн 700 мыңнан астамы қала тұрғыны, ал 7 млн 518 мың адам ауылда қоныстанған. Жыл басынан 1 қазанға дейін халықтың жалпы өсімі -189 376 адам. 9 айда 279 мыңға жуық бала дүниеге келген. Сондай-ақ осы аралықта 99 500 адам дүние салды. Елде туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейін Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы үздік үштік қатарында. Жыл басынан бері 20 383 адам сырттан көшіп келсе, 10 201 адам шетелге қоныс аударған.