$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде сиыр азайып жатыр, ет күрт қымбаттауы мүмкін

12.11.2024ж. 20:00
122
Елімізде сиыр азайып жатыр, ет күрт қымбаттауы мүмкін

Елімізде сиыр азайып жатыр, ет күрт қымбаттауы мүмкін. Себебі ірі қара арасында түрлі жұқпалы аурулар көбейген. Сондықтан шаруалар малды азайтуға мәжбүр.

Мен сауып отырған қарапайым ірі қара тұқымы. Күніне 8 л көлемінде сүт береді. Сиырдың өзі де өтті. Шаруашылық иелері бір сүттен жасалатын құрт, май, ірімшік өнімдер нарықта жоғары бағаланатынын айтады. Себебі ауылдық жерде өндірілетін табиғи әрі таза азық - түлік болып табылады Қараөткел ауылының тұрғыны Дәулет Қасымбаевтың қорасында 20 шақты сиыр бар. Ірі қараны сойып етін сатады, сүтін де кәдеге жаратады. Еттің келісін 2300 теңгеден саудалап отыр. Жақында бағаны көтерем дейді. Себебі, қазір базардан таза өнім табу қиын.

ДӘУЛЕТ ҚАСЫМБАЕВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Январьдан кейінгі бұзаулар 100-170 ге дейін таза ет беріп жатыр. Бұл сиырдың сүті бар, қаймағы бар оны біз сатамыз ғой. Өзіміз жейміз. Содан жаңағы ешқандай инфекция аурулар тарамауы үшін малдың жаңағы денсаулығына бірінші қараймыз.
Биыл өңірлер ішінде сиыр еті Алматы, Атырау және Ұлытау облыстарында қымбаттады. Дегенмен баға тағы өсуі мүмкін, себебі сиыр азайып барады. Оның бірден бір себебі шетелден келетін тұқымдар санының көбеюінде дейді - мамандар. Сол арқылы елімізде экзотикалық ринотрахит, парагрип сынды вирустық инфекциялар белең алған.

ЕРЛАН БАЙҚУАНЫШ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:
Фермерлер ірі қара малды әкеледі Қазақстанға. Мысалға семинтал сүтті етті бағытта. Оларды Қазақстанға әкелгенсін олар Европада вакцинацияланған болады. Шетелдерде кэтл мастер, бовилизвиста деген вакциналарын қойып тастайды. Фермерлер білмейді, ол вакцина әкелген кезде 1 жыл жұмыс істеді. Істеп болғаннан кейін уже аурулар басталады. Ревакцинация деген бар ол вакцинаны қайтадан қою. Соны жалғастырып отырса, ауру тарамайды.
Қазір Европа мемлекеттерінде өндірілетін гармондық вакциналар сұранысқа ие. Олар өз кезегінде ірі қараның еті мен сүтін молайтуға ықпал етеді. Дегенмен мұндай жолмен асылданған мал тұқымы табиғи астық болып саналмайтын көрінеді. Таза өнімді алу үшін ауылдардағы мал санын көбейту қажеттігін айтады – мамандар

БАХТИЯР ӨТЕЛБАЕВ, ҚАЗАҚ АҚБАС ТҰҚЫМЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Неғұрлым сізде сатылым жақсы болса, кіріс кіріп жатса сіз оның санын көбейтесіз. Сапасын арттырасыз, жұмысшыларға жұмыс орынын артттырасыз дегендей, условия создавать етесіз. Сол сияқты сату мәселесі де оң шешімін табу керек.
Мамандар ірі қараны жылына екі рет мал дәрігерлеріне апарып вакцинациялауды ұсынады. Осы арқылы аурудың алдын алуға болады.

ӨҢІРЛЕРДЕ СИЫР ЕТІ ҚЫМБАТТАДЫ:
Алматы – 16,4%
Атырау – 15,7%
Ұлытау - 14%