Шымкентте жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұған «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы үлкен сеп болып отыр. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 24 ерекше азамат еңбек етеді. Солардың бірі -Берікбол Есхан. Желтоқсан айында жасы 21-ге толатын жас жігіт компьютерге қызмет көрсету технигі болып жұмыс істейді.Төрт жыл колледжде алған білімім кәдеге жарап жатыр дейді ол.
БЕРІКБОЛ ЕСХАН, КОМПЬЮТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТЕХНИГІ:
Мен бұл жерде базаға қарап отырамын. Студенттердің кіріп кірмеуі, мысалы бір күндері бізден отчет алады, мына студент қай күні келді, қай күні келмеді ...соны сол күндерді шығарып берем базадан алып. Өзіміздің отделда біз қазір жиырмашақты адамбыз. Өзімнің бастығым бар, өзімнің ағайларым бар, білмегенімді солардан үйреніп жатырмын қазір.
«Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған 2-4% квотаның орындалу Шымкентте өз деңгейінде. Мамыр айына дейін 52 мекемеге 138 азамат жұмысқа орналастырылған. Қазір олардың саны мыңға жуықтады. Осынша адам бағдарламаның игілігін көріп, әртүрлі салаларда қызмет етіп, тиісті жалақысын алып отыр.
БАЯН ЖАНДОСОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚФ ЖАНЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ:
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 41 500 адам бар екен. Оның 7 800-і 18-ге толмаған жастар. Соны біз енді Аманат болғаннан кейін жаңағы бағдарлама бойынша оны не только бақылау, оған көмектесу, шешімін табу..бірақ енді бірігіп жұмыс істеймізда әлеуметтік басқармамен...