Солтүстік Қазақстан облысында ер адам анасын өлтіріп, үйді өртеп жіберген. Жантүршігерлік оқиға Явленка ауылында болды. Баспананың отқа оранғанын байқаған көршілер төтенше жағдайлар қызметін шақырған. Құтқарушылар өртті ауыздықтаған соң, үйден 53 жастағы әйелдің мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары марқұмның кісі қолынан қаза тапқанын анықтады. Күдікті ретінде 30 жастағы баласы ұсталды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
МАДИНА ЕРҒАЛИЕВА, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Өрттен кейін өз үйінде табылған Явленка ауылының тұрғынын өлтіргені үшін полиция 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, жағдайлар анықталуда.