$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада биыл ақылы тұрақ ақысын төлемеген жүргізушілерге 2 млрд теңге айыппұл салынған

AstanaTV
13.11.2024ж. 11:24
223
Елордада биыл ақылы тұрақ ақысын төлемеген жүргізушілерге 2 млрд теңге айыппұл салынған

Елордада биыл ақылы тұрақтар ақысын төлемеген жүргізушілерге 2 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

«Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құруға, пайдалануға және басқаруға» мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС жауапты. Аталған компаниямен жасалған шарт аясында 10 000 ақылы тұрақ орнын іске қосу көзделеді. Бүгінгі таңда 7 200-ден астам ақылы тұрақ орны қолданысқа енгізілді. 2025 жылы ақылы тұрақтарды көбейту қарастырылуда. Биыл жыл басынан бері ақылы тұрақ ақысын төлемегені үшін адамдарға 2 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 2023 жылы дәл осындай жағдаймен 1,3 млрд теңге сомасында айыппұл салынған. Барлық айыппұлдар тек қаланың жергілікті бюджетіне түседі», - делінген Kazinform сауалына жалдаған жауапта.