$492.17 €522.39 ₽5
×

Депутат футбол федерациясының басшылығына жүрегі қазақ деп соғатын азаматты қоюды сұрады

AstanaTV
13.11.2024ж. 14:15
170
Депутат футбол федерациясының басшылығына жүрегі қазақ деп соғатын азаматты қоюды сұрады

Мұндай мәселені Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы мынау заң жобасын біз қолдаймыз. Футбол, баскетбол, хоккей ойындары біздің көңілімізді көншітпейді. Құрлықтық хоккей лигасынан алып кетуге болмай ма? Тек ұятқа қалып отырмыз. Одан кейін футболда да, баскетболда да, хоккейде де легионерлердің бәрін жинап алдық. Солардың бәріне мемлекеттің ақшасын шашуды доғару керек деп ойлаймын. Содан кейін Қазақстан футбол федерациясының басшысы да ауысты, сол жерге жүрегі қазақ деп соғатын бір азаматты алып келіңіздерші, өтініш. Екіншіден, бізде 6200 ауыл бар. Оларда қанша спорт алаңдары бар, қаншауында спорт алаңдары жоқ? Келесі жылы сол ауылдарға спорт алаңын салу үшін қанша қаражат бөліп отырсыздар? - деді Мәжіліс депутаты Туризм және спорт министріне.

Жигули Молдабаев бұдан бөлек туризм саласына қатысты сауал қойды.

Үшіншіден, туризм үлкен мәдениеттілікті талап етеді. Жасыратыны жоқ, жолда көп жүреміз. Алысқа бармай-ақ, Астана мен Алматы Жамбылдың ортасында көп жүреміз. Мың жарым километрдің ішінде дәретхана жоқ. Ұят болса да айтайық. Бар дәретханалар жиіркенішті, не су жоқ. Мәдениет осы дәретханадан басталмай ма?! - деп атап өтті мәжілісмен.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттың сұрағына қатысты пікір білдірді.

Құрметті әріптестер, мынау заң жобасында қаралып жатқан мәселені сұрақ қылып, несіне қоямыз? Легионерлерге қаржыны заң жобасында алып тастап жатырмыз ғой. Жигули Молдақалықұлы, заң жобасын оқу керек қой. Екінші сұрағыңыз бұл заң жобасына мүлдем қатысы жоқ, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.