$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ысырыпшылдыққа жол бермеу керек

13.11.2024ж. 20:00
244
Ысырыпшылдыққа жол бермеу керек

Қостанайда діни рәсімдерді өткізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу мәселесі қозғалды. Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта жаназа жарысқа,қаралы дастархан қайғылы отбасыны көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, ас беруге жұмсалатын шығын шаш етектен. Көпшілік жерлеуден бір күн бұрын берілетін қонақасының өзі артық екенін көптен бері айтып жүр. Салтқа салсақ, алыстан келген ағайынға ғана ас беру жоралғысы бар. Алайда қазір бұл дәстүр еленбей, 200-300 адамға дастарқан жаю дендеп барады. Бұл бір жағынан қара жамылған отбасыға қиындық туғызса, екіншіден дәстүрге, ислам қағидаларына қайшы келеді. 

БЕКТҰРСЫН УӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ:

Біреудің жағдайы келеді.Біреудің жағдайы келмейді.Нарықтық жағдайды да ойлау керек.Сол себептен осы бір қайғылы отбасына салмақ түсірмеу мақсатында, артындағы ұрпақтарына қиындық тудырмас үшін арнайы осы мәжілісті өткізіп, біраз шешімдер қабылдауды қолға алып отырмыз.

Қостанай облысының көлемінде қонақасы беруді тоқтату.Ас мәзірін бірізділікке салу.Ас-жиындарда сөз сөйлейтін адамдарды үш кісімен шектеу.Діни басқарма бекіткен нормаға сай зират көтеру, аста көрсетілетін бейнероликтердің мазмұнына назар аудару.Конференция аясында осындай 5 шешім қабылданды. Зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері де бас имам бастамасын қолдайды. 

ҚЫРМЫЗЫ ЖАҢБЫРШИНА,  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көбінесе көңіл айтуға барсақ үйлеріне адамдарды таппай қаламыз.Олар тамақ іздеп кетеді жаңағы қонақасы беруге.Немесе үлестіретін заттарды алуға базар аралап кетеді деген сияқты. 200-300 адамға қонақасы беру мәселесін доғарса өте жақсы болар еді. Бұл қонақасы дегенді біздің кішкентай кезімізде ата-әжелеріміз күзет деп айтатын. Енді осы мәселені халық та дұрыс түсініп, қабылдайды деген үміттеміз.