$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерінің ынтымақтастығы нығая түседі

13.11.2024ж. 20:00
103
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерінің ынтымақтастығы нығая түседі

Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерінің ынтымақтастығы нығая түспек. СOP29 Дүниежүзілік климат саммитінің аясында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері үш елдің энергетикалық жүйесін интеграциялау жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы оқиға орнықты дамуға ортақ ұмтылыс тарихының жаңа парағын ашқанын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл құжат елдеріміздің энергетикалық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға экологиялық таза энергияны жеткізетін сенімді дәліздерді қалыптастыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұнда Қазақстан ірі транзит аумағы ретінде үлкен рөл атқарады. Аталған келісімнің нақты нәтижелері үш елдің экономикаларын біріктіріп, Орта дәлізді «жасыл көпір» ретінде дамытуға ықпал етеді.

Маңызды саладағы тығыз ынтымақтастық мемлекеттер арасында тәжірибе алмасуға серпін береді. Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді. Президент көміртегі бейтараптығына жетуді көздейтін Қазақстан үшін жасыл энергетика маңызды бағыт саналатынын айтты. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз қазба байлықтарға тәуелділікті азайтуға белсенді түрде кірістік. Технологиялық инновацияларды дамытып, экологиялық орнықты өркендеуге демеу болатын инфрақұрылым құруға бет бұрдық. Қазақстан шетелдік серіктестермен жалпы қуаты 43 ГВт болатын «жасыл» жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.