$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті

13.11.2024ж. 20:00
264
Атырауда «Кедергісіз келешек»  жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті

Атырауда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. Оған аудан мен қала мектептерінің үш пен сегізінші сынып аралығындағы оқушылардан құралған 40 команда қатысты. Спорттық сайыстың басқалардан ерекшелігі сол, командада бір сыныптың 3 оқушысы қатысады: оның бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар бала болуы тиіс. Жас споршылар «Бочча», «Көңілді старт», «Жеңіл атлетика» сайыстарында шеберліктерін көрсетті. Осылайша арнайы сыныпта білім алатын балалардың спортқа қызығушылығын арттырамыз,- дейді ұйымдастырушылар. Сайыс нәтижесінде 3 команда желтоқсан айында Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдама алды. Айта кетейік, аймақта 3 мыңға жуық ерекше білім беру қажеттілігі бар бала бар. Оның 25і бочча спортымен белсенді айналысады. 

НҰРИСЛАМ ӘМІРХАНҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Маған бочча ұнайды. Мен өзім 4 оқимын. Астанаға жарысқа барып, 3-орын алдық. Бүгін де орын алғым келеді. Өзімнің командам бар, сонымен бірінші орын алуға тырысамыз.

АБДОЛЛА ИДРЕСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсаты бочча ойындарын қоғам арасында кеңінен насихаттау болып саналады. Бұқаралық спорт жақсы дамып келе жатқасын алдағы уақытта осы жарыстарды өзіміздің партияның арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіп, жергілікті әкімшілікпен тұрақты түрде өткіземіз деген жоспарымыз бар.