$498.34 €519.72 ₽4.85
×

39 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

AstanaTV
13.11.2024ж. 19:53
128
39 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова оныншы баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды  Otyrar.kz.

Ол 6 қарашада қалалық перзентханаға жеткізілген. 9 баланың анасы оныншы сәбиін өзі босанған. Перзентхана дәрігерлерінің тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Көпбалалы ана 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкелген. Қазір көпбалалы отбасы Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Бүгінде олардың үлкен балалары студент атанып үлгерген.