Елордалық өрт сөндірушілер қонақүйдегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесіндегі қонақүй бөлмесінде үй заттары мен жиһаздардың жануы орын алды. Құтқарушылар отты тез арада сөндіріп, оның таралуына жол бермеді.
Өрт болған кезде үй-жайда ешкім болмады. Зардап шеккендер жоқ.