$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда полицейді айуандықпен өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
14.11.2024ж. 06:10
123
Қостанайда полицейді айуандықпен өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қостанайда полиция қызметкерін айуандықпен өлтірген сотталушыға үкім шықты. Аса ауыр қылмысқа барған Ұзынкөл ауданының 35 жастағы тұрғыны енді өмір бойы түрмеде отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Былтыр мамыр айында түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шыққан Виктор Сербокрыл 43 жастағы криминалистен кек алмақ болып артына түскен. Айыптаушылардың айтуынша, ол еңбек демалысындағы Құмар Шайтосовты аңдып жүріп, өз үйінде бірнеше рет пышақтаған. Ол марқұмның басын кесіп алуға әрекеттенген. Десе де сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Сот оны кәнілі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

 «Сотталушының бұл қылмысқа алдын ала оқталғанын іс қағаздарына жазылған белгілерден байқауға болады. Ол тергеуші мен зардап шегушінің аты-жөнінің жанына «бауыздаймын» деп жазған. Ол бұл белгіні түзеу мекемесінде жатып жазғанын мойындады. Бұл қылмыстың аса ауырлығын ескере отырып, соттан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық», - дейді Қостанай облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Мәриям Сүлейменова.