Жұрттың түн ұйқысы төрт бөлінді. Тапиғи апат халықты тағы әбігерге салды. Қаншама адамның өмірін жалмаған Испаниядағы тасқын әлі тоқтар емес. Елде жаңбыр құйып тұр. Билік алдыңғы қателікке бой алдырмас үшін қазірдің өзінде 3 мың адамды эвакуациялаған. Толығырақ Аружан Задабек айтады. Эфирде «Жер-жаһан» айдары.
Кеш жарық, көрермен! Өткен тасқыннан әлі есін жия алмай жүрген жұрт тағы қиын кезеңге тап болды. Осыдан тура 2 апта бұрын Валенсия провинциясында дүлей дауыл мен жауын-шашын соңы алапат тасқынға ұласып, 220-дан астам адам опат болды. Із-түссіз жоғалған ондаған тұрғын әлі табылмай жатыр. Енді Испанияның оңтүстігіндегі Малага аймағында қолайсыз күн райына байланысты қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Өңірде мектептер мен дүкендер жабылды.
МИГЕЛ ЭСПИНОСА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ:
Адамдар қатты алаңдаулы. Мектептің қабырғалары опырылып түсті. Тұрғындардың үйлері, жертөлелері су астында қалды, бұл нағыз апат.
Ал Индонезияда «Левотоби» вулканы қайта атқылап, 10 шақырым биіктікке дейін түтін басты. 9 адам көз жұмды. Қазір жанартау айналасынан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Туристер көп баратын Бали аралында 80 халықаралық әуе рейсі тоқтатылды. Солардың қатарында Сингапур, Гонконг және Австралия қалаларына қатынайтын ұшақтар бар.
МАРИЯ ВИКТОРИЯ, ТҰРҒЫН:
Мені эвакуациялық орталыққа алып келді.Қауіпсіз болғаныма қуаныштымын. Бірақ әлі де қорқыныш бар. Әсіресе біздің ауылдағы жағдай туралы жағымсыз жаңалықтарды естідім.
Таиланда маймыл қаптады. Ел тұрғындарының бұл жануарға деген көзқарасы оң болған. Сәттілік алып келеді деп сенеді. Тіпті, турист тартады деп шан жуытпайтын. Бірақ соңғы кезде жиі шағымданатын болды. Өйткені көшеде маймылдардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қолыңдағы затыңды тартып алып, ұрлық жасайды, - дейді.
ДЖИРАТ БУАПРОРТ, ТҰРҒЫН:
Бостандық жоқ. Ешкім бұлай өмір сүргісі келмейді. Заттарымызды жиі ұрлады. Олар бізден емс, біз олардан қорқатын болдық.
Ал, Ресейлік құтқарушылар жағаға шыққан китті ұстады. Ол қауіпті типтің бірі. Дильфин отбасының үлкен мүшесіне жатады. Тісі өткір. Құтқарушылар оны дер кезінде теңізге жіберді.