$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралдық оқытушыларды тақырға отырғызған қылмыстық топ ұсталды

14.11.2024ж. 20:00
152
Оралдық оқытушыларды тақырға отырғызған қылмыстық топ ұсталды

17 мұғалімді алдап, 10 миллион теңгесін қалтаға басқан қылмыстық топ Оралдан ұсталды. Полиция департаментінің дерегінше, алданғандардың бәрі де - мектеп ұстаздары, олардың ішінде өзге өңірлердің оқытушылары да бар екен. Күдіктілердің бірі педагогтердің ортақ уатсап тобына кіріп, чаттағы жазбаларды әбден зерттейді. Сосын осы топтағылардың жекесіне баласы болып хат жазып, телефоны өшіп қалғанын айтады. Ұстаздарды осылай алдаған ол ақша аударуын сұрайды. Алаяққа балам деп арбалған мұғалімдер сөзге келместен картаның құпия кодын жіберіпті. Қомақты қаржыны осылай олжалаған қылмыстық топтың үш мүшесі де қазір қамауға алынған. 

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алданғандардың арасында өзге өңірдің азаматтары бар екені анықталды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы шамамен он миллион теңгені құрайды. Полиция департаменті азаматтарға хабарласу кезінде емес, яғни, әртүрлі мессенджер, чаттарда абай болуды ескертеді.