«АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы әр бейсенбіні қала тазалығына арнаған. Оған бастауыш партия ұйым мүшелері де ауызбіршілікпен үлес қосуда. Олар осы уақытқа дейін 30-дан аса тазалық шарасын ұйымдастырып, 15 тонна қоқыс шығарған. Бүгін дәстүр жалғасын тауып, Тұңғыш Президент саябағында өтті. «Таза бейсенбі» шарасы Мелекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында қолға алынған. Бұл көпшілік арасында тазалық мәдениет қалыптастыру үшін маңызды дейді аманаттықтар.
БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «АMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Сол мақсаттардың ішінде де экология мәселесі, тазалық мәселесі негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. сондықтан біздің Қазақстанда ғана емес әлемдік деңгейде бұған үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан тазалық өзімізден басталу керек. Тазалықты біз әрдайым қолдаймыз .