$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылы қала болады

14.11.2024ж. 20:00
88
Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылы қала болады

Ауыл әкімдерінің форумы шалғайдағы елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Маңғыстауда тұңғыш рет өткізілген шараға қатысушылар осындай пікір білдірді. Жиынның мақсаты - елдегі саяси реформаларды жүзеге асыратын әрі ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүруіне жағдай жасайтын жобаларды ашық талқылау. 

Маңызды мәселелер өңірдегі Достық үйінде қаралып, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды шаралар әкімдер арасындағы байланысты нығайтып, ауылдардың дамуына ықпал ететінін айтты.

НҰРДӘУЛЕТ ҚИЛЫБАЙ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтып келеді. «AMANAT» партиясы осы бастамаларды іске асыруда белсенділік танытып, оларды Үкімет және әкімдіктермен бірлесе отырып жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы облысымызда 165 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың іске асуына ауыл әкімдері өз үлестерін қосты деп есептеймін.

Облыста 47 ауыл әкімі бар. Оның 43-і “AMANAT” партиясынан сайланған. Олар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында белсенді жұмыс атқаруда.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Сайланған әкімдердің дені “AMANAT” партиясының атынан сайланған әкімдер. Сондықтан бұл біздің үлкен жауапкершілігіміз. Бағана да мен айтып өттім, әкімге келетін критика бұл партияға келетін критика, әкімнің абыройы бұл партияның абыройы деп. Сондықтан міндетіміз бір.

Форумға қатысушылар өңірлерді дамыту мәселесін талқылады. Мәселен қазіргі Кендірлі ауылы алдағы уақытта облыстағы маңызы бар үшінші қалаға айналады.

МЕКЕН ҮЙСЕНОВ, КЕНДІРЛІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде елдімекендерді дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Жаңаөзенде жалпы саны 80 мың тұрғыны бар 4 елдімекен бар. Біз аумақтың бір бөлігін бөліп алып, жаңа әкімшілік орталықты облыстық маңызы бар қала мәртебесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз.

Форумның екінші бөлімі секциялық жұмыс және оқыту семинарларымен жалғасты. Олардың бірі «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық» тақырыбында болды.