$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында бірнеше рет пара алған колония басшысының орынбасары ұсталды

14.11.2024ж. 20:00
259
Алматы облысында бірнеше рет пара алған колония басшысының орынбасары ұсталды

Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды. Ол бірнеше рет пара алған. №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын қолға түсіру үшін арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күш біріктірді. Іске қатысты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми түсінік берді. 

 АИДА ИМАНАЛИЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы және Алматы облысы ҰҚК бірлесіп, 2024 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекеме бастығының орынбасары бірнеше рет пара алу күдігімен ұсталды. Қазіргі таңда, қылмыстық іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.