$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда депутаттардың қатысуымен психологтар жиналысы өтті

14.11.2024ж. 20:00
237
Алматыда депутаттардың қатысуымен психологтар жиналысы өтті

Алматы қаласындағы №204 орта мектепте "Амаnат" партиясы әйелдер қанаты қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен жиын өтті. Іс-шара психологиялық қызмет институтын құруға және дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылған. Шараға психолог мамандар, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Кездесу барысында буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсетудің тиімді тәсілдері талқыланды. Одан бөлек ата- ана мен бала арасындағы қарым қатынас мәселелері көтерілді. 

САПАР РАХМЕНШЕЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Балалардың мазалап жүрген сұрақтарына уақытылы жауап беруіміз керек. Қазіргі таңда шын мәнісінде мына ата -ана мен баланың арасындағы қарым- қатынастың жоғалып бара жатқаны, ол не деген сөз бір үйде отырып олар бір бірімен сөйлеспейді. Бір дастарханда отырып тамақ ішпейді ондай да жанұялар бар. Сондықтан ондай нәрселерді біз болдыртпауымыз керек

ДИАНА ЕРЛАН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ҚАЛАЛЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін біз статистиканы білдік, буллингтің алдын алу, балалармен жұмыс істеу, оларға психологиялық қолдау көрсетудің алгоритмдерін білдік. Қиын жағдай туындаса қайда, қалай қоңырау шалу керектігін халық біліп жүргені дұрыс.