$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловқа арналған ескерткіш тақта орнатылды

14.11.2024ж. 20:00
175
Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловқа арналған ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда белгілі жазушы, журналист Еркінбай Әкімқұловқа арналған мемориалды тақта ашылды. Ескерткіш қаламгер ширек ғасыр тұрған үйге орнатылды. Еркінбай Әкімқұлов әдебиетті құлай сүйетін көзіқарақты оқырманға жақсы таныс. Ол -түрлі жанрдағы 20-дан астам көркем шығарманың авторы. «Қыз күнделігі», «Қош бол, альбом!», «Жанарым – жарық дүнием» секілді туындыларын оқырман қолдан қолға тигізбей оқыды. Радио мен театрға арнап бірнеше пъеса жазып, журналистика саласына да үлкен үлес қосты. Бүгінгі іс-шараға ақын-жазушылар, көзін көрген журналистер қатысты. 

МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Міне, Әуезовтің музейінің дәл түбінде біздің Еркінбай ағамыз да ұзақ жылдар жұмыс істеген екен. Жаңа айтылып кеткендей Ерағаң өте байсалды, сыпайы, ешкімге бетіне жел болып тимейтін бір тақуа адам болатын. Сондықтан да оның творчествосы мына самалдың лебіндей, сондай бір лирикалық дүниелер жазатын.