$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

14.11.2024ж. 20:00
287
Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Минск қаласына барды. Үкімет басшысы Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесіп, екі жақты келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі биыл 8 айда $600 млн болды. Екі ел премьер министрлері мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.