$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қайырымдылыққа жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

14.11.2024ж. 20:00
267
Қайырымдылыққа жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. “Біз біргеміз” қорының құрылтайшысына қатысты тергеу басталған. Агенттіктің мәліметінше, ол жұрттан жинаған қаражатты қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікке жұмсаған. Шет елдерге барған. 

ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ:

Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарын сатып алып, мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша, Перизат Қайрат өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған. Күдікті ұсталды.