$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада «Есірткісіз қала» акциясы аясында жастарға жейде мен бас киім таратылды

14.11.2024ж. 20:00
372
Елордада «Есірткісіз қала» акциясы аясында жастарға жейде мен бас киім таратылды

Елодадағы кинотеатрлардың бірінде «Есірткісіз қала» акциясы аясында келушілерге жейде мен бас киімдер таратылды. Шара «Есірткісіз қала» ұйымы және жергілікті полицияның қолдауымен өткізілді. 

Жасөспірімдерге есірткі заттарын ұсынған жағдайда олардың «жоқ» деп жауап бере алуы маңызды дейді – ұйымдастырушылар. Себебі нашақорлық көбіне 16- 25 жас арасындағы жастарға жиі жарнамаланатын көрінеді. Осы ретте бұл дертпен қоғам болып күресу маңыздылығы қозғалды.

ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Есірткі бизнесіне қарсы іс қимылға бағытталған кешенді жоспармен Астана қаласы Әкімдігінің Астана есірткісіз қала атты жоспарының аясында өткізілді. Жылдың басынан бері полиция қызметкерлерімен бірге 400-ге жуық профилактикалық алдын-алу іс шаралары өткізілді. Оның ішінде акция мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарына дәріс өткізудеміз осы нашақорлықтың алдын алу үшін. Сондай-ақ есірткінің зияны туралы дәрістер акциялар және спорттық шаралар өткізудеміз.

Арнайы жазбалары бар бұл формалар «Шекер» фильмінің премьерасы аясында таратылды. Аталған туындыны көрген жастар басты кейіпкердің қателігін қайталамаса екен дейді - шараны қолдап келушілер

ЕРМЕК САДУАҚАСОВ, "ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА" ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Мен өзім де ұл тәрбиелеп отырған әкемін. Бүгінгі бастаманы қолдап біздің ұйымның жастары да келді. Себебі есірткі қоғамның үлкен проблемасы. Аталған фильмде есірткі пайдаланғандар және оны тартақандардың өмірінің соны үлкен өкінішке алып келгені айқын көрсетілген. Осы ретте келешек ұрпақ мұндай дертке ілінбесе екен дейміз. Бұл біз үшін өте маңызы.

Қоғамдық маңызы бар мұндай шаралар жиі болса екен дейді фильмге келген ата-аналар мен жасөспірімдер.

ҚАНАТ КУСЕЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің екі ұлым бар. Бүгін кинотеатрға келіп арнайы жазбалары бар жейде мен қалпақшалар таратып жатқандарына қуанып қалдым. Мұндай шараларды алдағы уақытта жиі өткізір тұру қажет деп ойлдаймын. Өйткені бала тәрбиесі өте маңызды. Саналы ұрпақ тәрбиелеу барлық халықтың ортақ мүддесі деп санаймын.

ДАНА НҰРМАНҚҰЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менің ойымша бұл жас ұрпақ үшін өте керемет акция. Қазіргі таңда 16-20 жас аралығы ол көпшілікке еліктеп кете беретін жас. Менің ойымша бұл акциялар біздің қоғамда көп болуы керек. Бұл біздің жастардың қоғамын, ойын өзгерту үшін керек деп ойлаймын. Бұндай мәселені көтеретін жастарымыз көп болуы керек. Саналы ұрпақ қалыптастырып біздің ойымыз және санамыз таза болуы керек

Есірткіге қарсы акциялар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.