Қазақстан құрамасы Аустрия командасынан 2:0 есебімен ұтылып қалды
Футболдан Станислав Черчесовтың жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы Аустрия командасынан 2:0 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Матчтың 23-минутында Марочкин қызыл қағаз алып, қазақстандық ойыншылардың саны азайып қалды.
Қонақтар сапында бірінші таймда Кристоф Баумгартнер (15-минутта) және Михаэль Грегорич (25-минутта) гол салды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында қатарынан төртінші рет жеңіліп, бес кездесуде бір ғана ұпай жинады және өз тобында соңғы орында келеді.
Аустрия 5 матчтан 10 ұпай жинап, кіші топта көш бастап тұр.