Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ-нің мәліметінше, Шу станциясының локомотив депосының машинисі есірткімен ұсталған. Ол үйінде қаптар мен қораптарға бөліп, оралған есірткі заттарын сақтаған. Тінту кезінде жалпы салмағы 12 кг 428 гр болатын марихуана есірткі заты тәркіленді.
Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.