$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Елдегі 4,2 млн бас жылқының 1 пайызы ғана асыл тұқымды

AstanaTV
15.11.2024ж. 15:51
77
Елдегі 4,2 млн бас жылқының 1 пайызы ғана асыл тұқымды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында жылқы шаруашылғының проблемаларына тоқталды.

«Жуырда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Моңғолия басшысымен бірге көптеген мәселені талқыладық. Екі көшпенді халықтың ұрпағы ретінде жылқы туралы да айттық. Моңғол жылқылары аласа болғанымен өте төзімді әрі ұзаққа шабады екен. Біз «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпарлардың тұяғымен жазылды. Жалпы қазақтың мінер көлігі де, ішер асы да жылқымен тығыз байланысты. Саумал мен қымыздың сан түрлі дертке шипа екені баршаға мәлім. Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш», - деді мемлекет басшысы.

Президент саланың проблемаларына да тоқталды.

«Дегенмен, асыл тұқымды жылқының үлесі 1 пайызға да жетпейді. Яғни, 4,2 млн жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн», - деді Мемлекет басшысы.