$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Атырау облысындағы Индер ауданында “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы 30 тоннадай қоқыс шығарылған

15.11.2024ж. 20:00
109
Атырау облысындағы Индер ауданында “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы 30 тоннадай қоқыс шығарылған

Тазалық өзің тұратын көшеден басталады. Атырау облысындағы Индер ауданына қарасты Жарусат елдімекенінің халқы қолдарына күрек пен сыпырғы алып, көше тазалауға шықты. 40 шақты тұрғын ұзындығы екі шақырым Абай Құнанбаев көшесін қоқыстан тып-типыл етті. Асфальт бойын, жаяу жүргіншілер жолын күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен төрт түліктің тезегінен тазалады. Айта кетейік, Индер кенті мен оған қарасты 7 ауданда тазалық акциясы басталғалы 30 тоннадай қоқыс шығарылған.

ДӘУРЕН САҒЫНҒАЛИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ИНДЕР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

“Таза Қазақстан” акциясы басталғалы Индер ауданына қарасты елді-мекендер мен ауылдық округтерде кент орталықтарында тазалық жұмыстары белсене атқарылды. Оған ауыл тұрғындары, белсенді азаматтар, партия мүшелері белсене атсалысып, ауылдың орталық көшелері, саябақтар, аллеялар тазаланды.