$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

15.11.2024ж. 20:00
82
Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты. Оның екеуі- бала. Жалғыз аман қалған 12-дегі жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Оқиға бүгін таңертең "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Құрма ауылынан 2 шақырымдай жерде болған. "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы сол жерде жан тапсырды. 

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Таңертең сағат 10.00 шамасында 54 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кетіп аударылған. Салдарынан 7 адам қаза тапты. Жүргізушілерден жылдамдықты шектеН тыс асырмауды, жол ережесін сақтауды сұраймыз.