Оралдың шет жағындағы тұрғын үйлердің алдағы көктемде тағы да суға кетуі мүмкін. Үй иелерінің айтуынша, бұған су ағатын арықтың құрылысы аяқталмауы себеп. «Кең дала» ықшамауданының халқы арықтың салынуын аңсап күткенін айтады. Бірақ мұның ауыспалы жоба екенін сылтауратқан мердігер құрылысты бітірмеген. Биыл қызыл судан зардап шеккен тұрғындар енді осының кесірінен келер көктемде тағы да суға кетеміз бе деп қорқып отыр. Құрылысшыларға сөзін өткізе алмаған халық амалы таусылып, «AMANAT» партиясынан көмек сұраған.
КҮНСҰЛУ АҚБАЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мына арық жүйесі осыдан 4 ай бұрын жүргізілгенде менің үйіме үш үй жетпей тоқтап қалды. Оның ар жағында біздің кінәміз жоқ жеп салып жатқан кісілер кетіп қалды. Осы биыл менің үйімді су басты. Енді мына арық тағы жоқ, тағы да су басатын жағдай болады ғой деп төрт айдан бермен қарай осы мәселе бойынша жүрмін. Міне, бүгін бәрі келіп қарап, көмектесіп жатыр
Бұл маңдағы үйлер ылдида салынса да, партиялықтар әр азаматтың өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз дейді. Сонымен қатар, арыққа жиналған қоқысты тазарту мәселесі де айтылды. Партиялық бақылау комиссиясы «Сарыарқа» ықшамауданына төселген асфальтты да тексерді. 4 жыл бұрын мұнда асфальт төсеу пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып, қомақты қаржы қарастырылған. Бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба өзгеріске ұшырап, ақыры қысқартылып тынды. Дегенмен партиялықтар бұл істі бақылауда ұстаймыз дейді.
СОФЬЯ ІЗМҰХАМБЕТОВА, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,ОБЛЫСТЫҚ "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Партияның бақылау комиссиясының мүшелері, Зашаған әкімдігінен әдейі өкілі келіп, осы мәселенің оң шешілуін қадағалаудамыз. Тапсырма берілді оларға. Алдағы уақытта олар жаңағы құм төсеу арқылы сол үйлердің суға кетпеу кетпеу шарасын қабылдайтынын жеткізіп отыр. Алдағы уақытта бізде бақылауда болады.