$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Ауыл-аймақта өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер грант ұтып алды

15.11.2024ж. 20:00
50
Ауыл-аймақта өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер грант ұтып алды

Республикалық ауыл әйелдері форумы Астанада 200 делегаттың басын қосты. Осымен 7-ші рет ұйымдастырылып отырған форум – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаңға айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған іскер әйелдер ауыл-аймақтың тұрақты дамуы, ауыл кәсіпкерлігінің ерекшеліктеріне тоқталды. Шара Президенті жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. 

МАЙРА АЙСИНА, ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылдағы әйелдердің еңбегі жеңіл емес, шынын айту керек. Жаңа технология дейміз, жасыл технология дейміз, соның бәрі ол жерге жетіп жатқан жоқ. Ауыл әйелдерінің қолжетімдігі ақпаратқа, мемлекетте қандай жаңалықтар болып жатыр, қандай бағдарламалар болып жатыр, қандай көмек көрсетіліп жатыр соған қолдары жете қоймайды. Сол мәселелердің бәрі осы жерде талқыланады.

Үздік бизнес-идеяларымен ерекшеленген кәсіпкерлер арнайы грант ұтып алды. 14 жеңімпаз марапатталып, форум аясында өткен көрмеге өз өнімдерін ұсынды. Солардың бірі – Жетісу облысынан келген Шахизада Ілиясова. Ол 3 мың доллар көлемінде қаржылық көмек алды. Алты ай бұрын кәсіпкер шұжық өнімдерін өндіре бастаған. 

ШАХИЗАДА ІЛИЯСОВА, КӘСІПКЕР:

Өнімдердің арасына ешқандай химикат қосылмайды, ысталған қазы, атам заманнан келе жатқан өнімдерді өндіреміз. Қазіргі таңда мен үй жағдайында жасап отырмын. Осы гранттың арқасында бұйырса үлкен нарықтарға шығу - үлкен мақсатым.