Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушісі жүкті болып қалды. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, кәмелетке толмаған бала жыныстық қатынасқа өз еркімен түскен. Тексеру барысында тәрбиеленуші оны өзі айтқан. Зорлық фактісі болмағандықтан, қылмыстық іс қозғалмады. Жасөспірімдердің некесі қиылып, жауапгершілікті ұл баланың ата-анасы көтеретін болған.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ:
Тәрбиеленушінің 3 апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Бұл жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, балалар үйінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.