$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Apple-ға $3,8 млрд айыппұл салынуы мүмкін

AstanaTV
15.11.2024ж. 23:00
101
Apple-ға $3,8 млрд айыппұл салынуы мүмкін

Ұлыбританияның тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы Which, Apple компаниясын сотқа берді.

Технологиялық алпауыт нарықтағы үстемдігін пайдаланып, суреттер, хабарламалар және басқа деректерді сақтау үшін қолданушыларды iCloud сервисіне тіркелуге мәжбүрлеген тәрізді.

Сонымен қатар компания тұтынушыларға басқа провайдерлердің қызметтерін пайдалануға мүмкіндік бермейді-мыс. Арызданушылар iCloud жазылу құны тым жоғары екенін де айтып, айлық төлемақыны 55 фунтқа дейін түсіруге тырысатындарын жеткізді.

Осы іс бойынша Apple кінәлі деп танылса, компанияға 3 миллион 820 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін,-деп хабарлайды 24.kz.