$495.95 €524.37 ₽4.98
×

«Тамақ істемеймін»: Айсәуле Бақытбек жүктілігі мен өмір салты туралы айтты

AstanaTV
16.11.2024ж. 15:36
132
«Тамақ істемеймін»: Айсәуле Бақытбек жүктілігі мен өмір салты туралы айтты

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, өзінің жүктілік кезеңі, болашақ жоспарлары және күнделікті өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айсәуле қазіргі уақытта үшінші сәбиін күтіп жүргенін және жүктілік кезінде салмақ қосу мәселесіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

«Үш рет те жүктілік кезінде салмағым шамамен 12–13 килограмға артты», – деді ол.

Көпшіліктің «Төртінші баланы жоспарлайсыз ба?« деген сұрағына Айсәуле әзілмен жауап беріп:

«Бұл сұраққа қазір емес, алдағы уақытта ораламыз», – деп қысқа қайырды. Сондай-ақ, ол ұл не қыз екені маңызды емес екенін, «Ұл туғанша туа беремін» деген көзқарастан аулақ екенін айтты.

Оқырмандар Айсәуледен үй шаруасына, әсіресе тамақ дайындауға қатысты сұраған кезде, ол:

«Мен мүлдем тамақ пісірмеймін», – деп мойындады.

Сонымен қатар, Айсәуле өз айналасындағылардың, оның ішінде қызметкерлерінің де жақсы өмір сүруін қалайтынын айтты. Ол бала күтушілері мен көмекшілеріне жоғары жалақы төлейтінін және олардың жағдайына әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.

«Мен үшін айналамдағы адамдардың барлығы жақсы тұрмыс кешкені маңызды. Оған өзімнің үлесімді қосамын», — деді ол.

Айсәуле өзінің шынайылығымен және өмірге деген позитивті көзқарасымен оқырмандарын тағы да тәнті етті. Қазіргі таңда ол отбасына көңіл бөліп, болашақ нәрестесін күтіп жүр.