$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Жамбыл облысында полиция қызметкері әріптесіне оқ атты

AstanaTV
16.11.2024ж. 22:49
107
Жамбыл облысында полиция қызметкері әріптесіне оқ атты

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызмет бабында әріптесіне оқ атқан, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми пікірді ұсынды.

«16 қарашада патрульдеу кезінде қызметтік автокөлікте қаруды абайсыз пайдалану салдарынан бір қызметкер екіншісінің арқасына кездейсоқ оқ атты», – делінген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Зардап шеккен адам Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп түсіндірді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.