$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Дәрігер қандай адамдарға ет жеуге болмайтынын айтты

AstanaTV
17.11.2024ж. 21:25
77
Дәрігер қандай адамдарға ет жеуге болмайтынын айтты

Люберцы облыстық ауруханасының гастроэнтерологы Светлана Ильяшенко кей адамдар үшін қызыл еттің зиян екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ильяшенко тұз байлану ауруы (подагра) ауыратындарды қызыл еттен мүлдем бас тартуға шақырды. Дәрігер бұл аурумен ауыратын науқастар үшін етті күнделікті диетаға қосуға болатын тауық, күркетауық немесе балық сияқты ақ тағамдармен алмастырған дұрыс деп кеңес берді. 

Сондай-ақ гастроэнтеролог тіпті сау адам да етті аптасына бір-екі реттен көп жемеу керектігін атап өтті.

"Десе де қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда бұл өнімнен толығымен бас тартуға болмайды, өйткені оның құрамында темір және В дәрумендері сияқты денсаулық үшін маңызды заттар да бар", - деп түйіндеді Ильяшенко.