$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Қазақстандағы әрбір екінші азық-түлік өнімі қауіпті - зерттеу нәтижесі

AstanaTV
17.11.2024ж. 22:24
71
Қазақстандағы әрбір екінші азық-түлік өнімі қауіпті - зерттеу нәтижесі

«Сапалы өнім» жобасы аясындағы кең көлемді зерттеу нәтижесінде тексерілген өнімдердің 69%-ында заңбұзушылықтар анықталған, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Қазақстандықтар күнделікті тұтынатын азық-түліктердің сапасыздығы денсаулыққа қауіп төндіріп отыр. Зерттеу нәтижелері 60%-дан астам өнімнің белгіленген нормаларға сәйкес келмейтінін көрсетті», – делінген Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәлімдемесінде.

Жоба аясында елдегі дүкендерден алынған 1423 азық-түлік пен тұрмыстық химия үлгісі тексерілді. Зерттеулер арнайы аккредиттелген зертханаларда жүргізілді. Нәтижесінде, 69% өнімнен түрлі заңбұзушылықтар анықталған.

«Бұл көрсеткіш – тұтынушылар үшін алаңдатарлық белгі. Мамандар сапасыз өнімдерді тұтыну денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді», — деп жазылған хабарламада.

Құзырлы органдар азық-түлік сапасын қатаң бақылауға алып, заңбұзушылықтарға жол берген өндірушілерге шара қолданатынын мәлімдеді. Қазақстандықтарға азық-түлік таңдауда мұқият болуға және сертификатталған өнімдерді ғана сатып алуға кеңес беріледі.