Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылжарға Павлодардан гуманитарлық көмек келді

AstanaTV
10.05.2017ж. 20:00
2665
Қызылжарға Павлодардан гуманитарлық көмек келді

Тасқыннан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға кереку жұрты қол ұшын созды. Қызылжарға Павлодар облысынан гуманитарлық көмек келді. 700 шақырымды артқа тастап аймаққа жеткен 8 жүк көлігін жастар ұйымдары қарсы алды. Көліктерге тиелген азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық техника Қызылжар маңайындағы ауыл тұрғындарына таратылмақ.

Гуманитарлық көмекті жинауға Павлодар облысындағы "Нұр Отан" партиясының филиалы мұрындық болды. Акцияны аталған өңірдің 30 ірі кәсіпорны, шағын компаниялар, қоғамдық ұйымдар мен бұқара қолдап, бар-жоғы екі күннің ішінде 100 тоннадан астам тауар жинап берді.

Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Табиғи апатқа нұротандықтар бейжай қарамады. Павлодар облысынан келген көмек - бұған дәлел. Бұл акция халқымыздың бірлігін көрсетеді. Қазір біздің өңірде арнайы есеп шот ашылды. Партия мүшелері онда өзінің бір күндік жалақысын салады. Бұл орайда мен ел кәсіпкерлеріне де үндеу тастағым келіп тұр. Игі істен шет қалмайық!