Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчында ойсырай ұтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы соңғы ойнын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізіп, тағы да гол соға алмай ұтылды. Ослодағы “Уллевол стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 5 гол соғылып, ойсырай ұтылды. Норвегиялық футболшылардың ішінде Эрлинг Холанн хет-трик жасаса, Александер Серлет пен Антонио Нуса бір-бір голдан соқты. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан бесінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, тек бір ғана ұпайға ие болды.