$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Ауыл шаруашылығы министрі танымал "шайн мускат" жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

AstanaTV
18.11.2024ж. 14:11
254
Ауыл шаруашылығы министрі танымал "шайн мускат" жүзімінің дәмін көріп, тексерістен өткізетінін айтты

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.

4,4 миллион теңге пара алған: Антикор ауыл шаруашылығы министрлігі комитетіндегі тергеудің мән-жайын айтты

61 миллион теңге: Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-қызметкері түрмеге отырмау үшін айыппұл төлеуге келісті

"Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады", – деді министр.

Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты.

"Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. "Корей" жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін", – деді Сапаров.