$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Қостанай облысында «Жарқын ауыл» жобасы жүзеге асып жатыр

18.11.2024ж. 20:00
227
Қостанай облысында «Жарқын ауыл» жобасы жүзеге асып жатыр

Қостанай облысында «Жарқын ауыл» жобасы сәтті жүзеге аса бастады. «АМАNАТ» партиясының игі бастамасы астықты өлкедегі төрт жүзден астам ауылдың ажарын кіргізіп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.Межелі жобаны облыс билігі қолдап отыр. Жергілікті кәсіпкерлер де атсалысып келеді. Партия, әкімдік және меценат. Үш тараптың меморандумы аясында бірқатар елдімекенде ойын алаңдары салынып, саябақтар бой көтерді.

Тобыл өңіріндегі көптеген елдімекеннің инфрақұрылымы тозып тұр.Аймақтағы 140-тан астам ауылда сапалы ауыз су, интернет жоқ. Жол сапасы, көшелерді жарықтандыру жұмысы, мектеп пен медициналық нысандардың жағдайы көңіл көншітпейді.Ал «Жарқын ауыл» жобасы ауылды көркейтіп, тұрғындар тұрмысын жақсартуға бағытталған.

АЛМАТ ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Алдағы 3 жылдың ішінде аймақтағы ауыз су мәселесі түбегейлі шешіледі деп ойлаймын. Сонымен қатар жол,сапалы интернет бойынша проблемалар да шешімін табады. Өйткені біздің жобаның нәтижесі жақсы. Биылдың өзінде көптеген ойын алаңдары салынды. Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылында спорт кешені аяқталып жатыр. Заречный кентінде фельдшерлік - акушерлік пункт жұмысы жүріп жатыр. Жоба аясында қолға алынған жұмыстар жалғаса береді.

«Жарқын ауыл» жобасы аясында Қостанай ауданындағы бірнеше ауылда ойын алаңы жабдықталып, аллея ашылды. 3 мың тұрғыны бар Садчиков елдімекенінде оң өзгеріс көп.

БЕРІК ЖҰМАҒҰЛОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

«Жарқын ауыл» жобасы аясында ауылымызда осындай балалар ойын алаңы салынды. Шағын орталық дейді ғой. Сонда қырыққа жуық бала бар. Сол балалар күнде осы жерге келіп ойнап, бастаушы сынып балалары мектептен келе жатқан, кетіп жатқанда ойнап, ойындарын қандырып үйлеріне барады.

СЕРІКГҮЛ ИСЛАМ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ұзақ уақыт күттік. Балалар үшін ең қызықты деп ойлаймын. Балалар сабақтан шаршаған уақытта, балаларға немесе бір спортпен айналысқан кезде осында келіп ешқандай уайымсыз, балаларды қарап. Ешқандпай қаупісіз барлығын қойды балалар қауіпсіздігі үшін.

Меморандум шеңберінде жергілікті шаруа қожалығы жұмысшыларына үй салып берсе, қалған қалталы азаматтар қосылып Жастар аллеясын ашқан. Ал көпшілік «Таза Қазақстан» эко-бастамасы аясында аллеяның айналасын абаттандырып, тал еккен.

АЛТЫН ЕРЖАНОВА, КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл жерде кітапхана орналасқан. Бүкіл өткен –кеткендер аула кітапханасына соғып,қарап қызықтайды. Мына жерде демалуға мүмкіндік бар. Сол сияқты кітапхана қабырғасынан ашылған «Қазына» клубының мүшелеріне де көп пайдасы тиіп жатыр. Кешке қарай осында серуендеп, демалады.Шын мәнінде ауыл халқы үшін кереметтей жасалған жағдай деп есептеймін.

Партия бастамасымен Айсары ауылында 3 көше жөнделіп, балалар ойын алаңы бой көтерді. Стадион қайта түлеп,фельдшерлік пункт салынып жатыр. Жалпы жоба аясында облыс қазынасынан 50 миллиард теңге бөлу қарастырылған.Қомақты қаражат есебінен 280 ауылдың көшесі, 56 білім ошағы жөнделеді. 19 медицицналық мекеме ашылады деген жоспар бар.8 мәдени және спорттық нысан салынып, 19 елдімекенге су құбыры тартылады.