Ішкі істер министрлігі бірнеше өңірде ақша бопсалаған14 жалған полицейді ұстады. Олар өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, азаматтардан ақша талап етіп, алаяқтық және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан. Шымкентте дәл осындай жолмен бір топ адам тұрғындардан ай сайын 1,5 миллион теңге алып отырған. Ал, Ақтөбеде екі жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың өндірген. Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған. Қазір жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау – бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі.