$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Маңғыстау облысында «АМАNАТ» партиясының мүшелері мектептердің құрылысын тексерді

Маңғыстау облысында «АМАNАТ» партиясының мүшелері мектептердің құрылысын тексерді

«АМАNАТ» партиясының мүшелері Маңғыстау облысындағы мектептердің құрылысын тексерді. Ақшүкір ауылында бой көтеріп жатқан бұл әлеуметтік нысан 2 жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда кешіктіріліп жатыр. Партия өкілдері "мектептерде орын тапшылығы үдеп тұрғанын ескерсек, бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды" дейді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер қазір облыста екі мектеп ғимаратын салып жатыр. Екеуі де өз уақытында аяқталмаған. Мердігердің айтуынша, мектеп келер жылы пайдалануға беріледі. Мәселенің туындауына қаржыландыру себеп болған. Ал партия мүшелері қаражатты уақытылы алу үшін аяқталған жұмыстардың сертификаттарын ұсынуы керек. Өңірдегі бұл мәселе енді партия бақылауында болмақ. 

РИЗАБЕК ӨТЕГЕНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы күнге дейін тиісті қаражаттың 32 пайызын алдым. Биылға 418 млн теңге бөлінді, бірақ әлі алған жоқпыз. Қалған қаражат 2025 жылға қалды. Жалпы 1 млрд 100 млн 940 мың теңге алашағымыз бар. Бүгінгі күні жұмыс 70 пайызға орындалды.

АЯТ СҮГІРБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мердігер компания басшысының айтуынша, қаржыландыру мәселесі шешілсе, 2-3 айдың ішінде құрылысты аяқтайды. Бұл нысан партияның бақылауында болады. Мұнда партиялық бақылау бекетін орнаттық. Біз бүкіл жұмыс процесін бақылайтын боламыз. Осы мәселелер бойынша партия комиссиясының отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Комиссияға барлық мүдделі органдар, соның ішінде тапсырыс беруші мен мердігер де шақырылады.