Бұл жоба аясында "Жастар рухы" тек бір бағытта ғана емес, бірнеше бағытта жұмысты атқарады. Мәселен жастарды салауатты өмір салтына тарту бойынша да іс-шаралар жүргізіледі. Тұрақты түрде біз түрлі санаттағы жастармен "Бір толқында" алаңында кездесіп, есірткінің зияны, жалпы қоғамның дертіне айналған осы жаман әдеттермен күресу бойынша жұмысты жүргіземіз.