$497.26 €525.21 ₽4.97
×

Сауда министрлігіне тұтынушылардан биыл 42 мыңнан шағым түскен

18.11.2024ж. 20:00
91
Сауда министрлігіне тұтынушылардан биыл 42 мыңнан шағым түскен

Сауда министрлігіне 9 айдың ішінде халықтан 42 мың шағым түскен. Бұл туралы "AMANAT" партиясында өткен дөңгелек үстелде айтылды. Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы Мәжілісте бірінше оқылымда мақұлданған. Қазір 106 ұсыныс қабылданып, тағы біраз ұсыныс қаралып жатқан көрінеді. Ал, депутаттардың айтуынша, көбіне сатушылар немесе қызмет көрсетушілер тұтынушылардың құқығын өздері бұзады.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өкінішке қарай, тұтынушылардың құқығын қорғауға тиіс болған бұрынғы заң жұмыс істеген жоқ. Тұтынушыға өз құқығын қорғау қиынға соғатын. Сотқа арыздану үшін ол бірнеше сатыдан өтуге тиіс еді. Процедураны қатты қиындатып тастаған. Тұтынушылардың құқығын қорғау процесі сол арыз деңгейінде ғана қалады. Ешқандай механизм жоқ.