$497.89 €525.12 ₽5
×

Енді фермерлерге беріліп келген субсидия алынып тасталады

18.11.2024ж. 20:00
94
Енді фермерлерге беріліп келген субсидия алынып тасталады

Енді бұған дейін фермерлерге беріліп келген субсидия алынып тасталады. Оның орнына шаруаларға 5 пайыздық несие берілмек. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Бұрын, субсидия болмаған жағдайда, фермерлер банк немесе қаржы институттары арқылы үшжақты шарт жасап, 22 процентін төлеуге мәжбүр болды. Енді келісім тек екі жақтан болады. Бұл несие алу процесін жеңілдететуі мүмкін. 

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Субсидиясыз 5% алады. Содан кейін ол егінін егіп, тазалап, өз жұмысымен айналысуы керек. Бұл екіжақты келісімшарт бойынша.

Үкімет резервінен астыққа 10 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 150 мың тонна сатып алынбақ. Сондай-ақ Қазақстан келер жылдан бастап Гонконг пен Вьетнамға бидай сатуды жоспарлап отыр. Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов инспекторларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына қайтаруды ұсынды. 

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Астықты өңірлердегі фермерлер "элеваторлар қабылдамайды" деп айтады. Меніңше, Азық-түлік корпорациясы өте нашар жұмыс істеді, уақытында элеваторды босатпады. Осы Азық-түлік корпорациясының жұмысы туралы сұрағым бар. Күзде 2 млн тоннадай астық шығарылды. Соның 20 пайызы ғана корпорация шығарған екен.