$497.89 €525.12 ₽5
×

Атыраулықтарды тұрғын үй мәселесі алаңдатады – «AMANAT» партиясы АОФ өкілі

18.11.2024ж. 20:00
137
Атыраулықтарды тұрғын үй мәселесі алаңдатады – «AMANAT» партиясы АОФ өкілі

Атыраулықтарды тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Одан бөлек жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер мазалайды. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филалының қоғамдық қабылдауы күн сайын өтеді. Онда көмек сұрап келетіндер көп. Жыл басынан бері екі мың екі жүздей адам шағым айтқан. Яғни былтырғыдан екі есе көп. Көпбалалы аналар жалдап тұрған үйге өтемақы алу мәселесімен келсе, дертіне шипа іздегендер квота, тегін дәрі-дәрмек сұрайды. Қоғамдық қабылдау бөлмесі мамандары тұрғынның шағымы бойынша жауапты мекеме қызметкерлерін кездесуге шақырады. Тіпті шалғай ауылдарда бес көшпелі қабылдау өткізген. Нәтижесінде 50 пайыздан астам мәселе оң шешімін тауыпты. 

АҚТОЛҚЫН АХМЕТЖАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Шешілмей жатқан мәселелердің көпшілігі осы тұрғын үйге қатысты мәселелер болады. Себебі тұрғын үй кезегін жылжытыңызшы, он жылдан бері, он бес жылдан бері кезекте тұрмын, жер телімін жылжытыңызшы деп келеді. Ондай мәселе тек қана заң аясында электронды кезек бар ғой. Әрине түсінік береміз. Кезектен шығып қалғандар болса, заңсыз шығып қалғандар болса, тиісті органдар арқылы жүгіну арқылы, өзінің қалпына келтіруіне болатындығын түсіндіріп жатамыз.