$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

AstanaTV
19.11.2024ж. 12:04
508
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.