$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Сербия сарайында Президентті қарсы алу рәсімі өтті

AstanaTV
19.11.2024ж. 15:11
422
Сербия сарайында Президентті қарсы алу рәсімі өтті

Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Astana TV.


Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.