$535.99 €626.36 ₽6.64
×

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қаржыгер, есепшілері шот қағып, ақша санап жарысты

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қаржыгер, есепшілері шот қағып, ақша санап жарысты

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қаржыгер, есепшілері шот қағып, ақша санап жарысты. Мұндай ерекше эстафетаны «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырды. Шараға барлық саланың есепшілерінен құралған 5 команда қатысты. Өз жұмыстарын спортпен ұштастырған мамандар, логикалық тұрғыдан да мықты екендерін көрсетті. Бір сәт компьютер мен калькуляторды шотқа алмастырды. Ерекше сайыс қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. 

БАЯН ЫБЫРАЕВА, САЛА АРДАГЕРІ:

Өте жақсы дәрежеде өтуде. Бұл бір ерекше эстафета болып жатыр. Өмір бойы кеңседе отырып жұмыс жасайтын қаржыгерлер үшін бұл спортпен бірге айналысып, жарысқа қатысу қаржыгерлер үшін қызықты шара деп ойлаймын.

АҚТАН ЕҢБЕКҰЛЫ, ЕСЕПШІ:

Жарыс қаржы саласымен байланыстырып тұрғаны ұнап тұр. Мысалы шот дегені. Біз қазір шот қолданбаймыз. Бізде калькулятор. Сондықтан бізге қызық болып тұр шотпен ұрған. Үлкен кісілермен кеше шамалы дайындалдық . бірақ өте қызық өтіп жатыр, әсерлі.